Басты жаңалық

Жаңасемейдің әлеуметтік мәселесі өзекті

Жаңасемей ауданында әлеуметтік қолдау бойынша бірқатар шаралар жүзеге асуда. Жыл соңына дейін 440 жұмыс орны ашу жоспарланғанымен, мерзімінен бұрын 585 жұмыс орны құрылды. Оның 292-сі тұрақты. Бұл — оң көрсеткіш.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін 5 тұрғын грант алып, өз ісін бастап кетті. Алайда өтініш саны әлдеқайда көп — қолдау бәріне бірдей жетпей отыр.

Ауданда 646 көпбалалы ана бар. 26 отбасыға атаулы көмек көрсетілген. Мүгедектігі бар 665 азаматқа әлеуметтік қолдау қарастырылған, инватакси қызметі де іске қосылды. Арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы ашылып, 99 адамға қызмет көрсетуде.

Сонымен бірге, қолжетімді орта әлі толық жасалмағаны байқалады: тіркелген 29 әлеуметтік нысанның бірқатары бейімделмеген. Екі мектеп бойынша бейімдеу қаржысы да қарастырылмай тұр.

Қоныс аударушылар үшін квота бар, бірақ инфрақұрылым мәселелері оларды көптеп тартуға мүмкіндік бермей отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button