Ұстазға тағзым – ұлтқа қызмет

Білім берудегі бетбұрыстың келесі маңызды қадамы – филология ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы ғалым Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай атындағы №214 «Алаштану» дәрісханасының ашылуы болды.
Аталған дәрісхана ғалымның шәкірттері – жас зерттеушілердің бастамасымен толық жөндеуден өткізіліп, заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталды. Жаңа аудитория алаштану бағытындағы ғылыми ізденістерді дамытуға және ұлттық рухани мұраны терең зерделеуге арналған арнайы білім кеңістігіне айналды.
Салтанатты рәсім барысында профессор Тұрсын Жұртбайдың иығына шапан жабылып, кеудесіне Шәкәрім медалі тағылды. Бұл құрмет ғалымның ел руханияты мен ғылымына сіңірген еңбегіне көрсетілген жоғары баға ретінде және алдағы 75 жылдық мерейтойының рухани беташары ретінде қабылданды.



