Басты жаңалық
Аягөзде басқарма басшылары тұрғындарды қабылдады

Абай облысы әкімі Берік Уәлидің Аягөз ауданына жұмыс сапары барысында салалық басқарма басшылары Қозы Көрпеш – Баян Сұлу атындағы мәдениет үйінде азаматтарды қабылдауды ұйымдастырды.
Келген тұрғындар инфрақұрылым, әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту, білім мен медицинаға қатысты мәселелерін көтеріп, ұсыныстарын жеткізді. Әрбір өтініш жеке қаралып, жауапты мамандар тарапынан түсіндірме және қажет бағыт-бағдар берілді.



