Басты жаңалықБілім
Облыс әкімі бағдарламадан тыс Қызылқия мектебін аралады

Аягөз ауданына жұмыс сапары аясында Абай облысының әкімі Берік Уәли Тарлаулы ауылындағы К.Қадыржанов атындағы Қызылқия жалпы орта білім беретін мектебіне барып, оқу орнының қазіргі ахуалымен танысты.
Аймақ басшысы мектептің материалдық-техникалық жағдайын көріп, сыныптарды аралады. Мектеп ұжымына сапалы білім мен тәрбиені одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырма берді.



