Басты жаңалық

Жарма ауданында алғаш рет «Жас құтқарушы» сыныбы ашылды

Жарма ауданындағы П.Г. Карелин атындағы орта мектепте алғаш рет «Жас құтқарушы» сыныбы өз жұмысын бастады.

Жаңа бастаманың басты мақсаты – оқушыларға төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету, алғашқы медициналық көмек көрсету және өмір қауіпсіздігі ережелерін үйрету.

Арнайы жабдықталған кабинетте өрт қауіпсіздігіне қатысты көрнекіліктер, алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған құралдар және тәжірибелік жаттығуларға қажетті материалдар орнатылған.

Бірінші кезеңде 20 оқушы «Жас құтқарушы» куәлігін алды. Алдағы уақытта сынып базасында үйірмелер, шеберлік сабақтары мен тәжірибелік жаттығулар тұрақты түрде өткізілмек.

Бұл бастама жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, өмірлік маңызды дағдыларды меңгеруіне бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button