Басты жаңалық
Филармонияның 80 жылдық Гала-концерті өтті

Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрында Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның 80 жылдық мерейтойына арналған апталық іс-шаралардың соңғы күні қорытындыланды. Бір аптаға созылған мәдени бағдарламаның шарықтау сәті — салтанатты Гала-концерт болды.
Кеш барысында филармонияның танымал шығармашылық ұжымдары мен үздік солистері сахнаға шығып, өнер көрсетті. Бағдарламада классикалық туындылар, ұлттық музыка және заманауи композиторлардың шығармалары орындалып, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
80 жылдық тарихы бар филармонияның бүгінгі жетістіктері мен мәдени мұрасы осы кеште ерекше айшықталды. Гала-концерт өнер ордасының жаңа белестерге бағыт алғанын көрсетті.



