Басты жаңалықСпорт

Қалмақбаев Тұрсын атындағы қазақ күресі турнирі – Ақсуатта

5–7 желтоқсан аралығында Ақсуат ауылында жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыстық ашық турнир өтті. Шара самбодан әлемнің 2 дүркін жеңімпазы және қазақ күресінен облыстың 10 дүркін чемпионы Қалмақбаев Тұрсын Тайырұлының есіміне арналды.

Турнирге Семей қаласы мен Зайсан, Тарбағатай, Аягөз, Ақсуат аудандарынан 120 балуан қатысты. Ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары М.Қайырбеков, аудандық спорт бөлімінің басшысы М.Дәуренбекұлы және ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы И.Бешімбаев құттықтау сөз сөйледі.

Командалық есеп бойынша:

1-орын – Ақсуат ауданы

2-орын – Семей қаласы

3-орын – Зайсан ауданы

Сонымен қатар, Өзбекстанда өткен әлем біріншілігінен күміс медаль алған Ерғали Қалмақбаевқа аудан кәсіпкерлері автокөлік сыйға тартты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button