Басты жаңалықМәдениет
Ескі кітапқа жаңа өмір сыйлайтын әдіс

Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Ескі кітапқа – жаңа өмір» атты шығармашылық үйірме бар. Соңғы уақытта кітапханаға келушілер санының азаюына байланысты үйірме жұмысы уақытша тоқтап тұр.

Үйірмеде оқушылар қолданысқа жарамай қалған ескі кітапты қайта өңдеп, оларға жаңа өмір сыйлайтын. Сонымен қатар балалар кітап беттеріне түрлі өрнектер салып, шығармашылық жұмыстармен айналысты. Олардың ұсақ моторикасы дамып қана қоймай, креативті ойлау қабілеттері де артты.

Жоба балаларды кітапқа деген қызығушылыққа баулып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал етті. Алдағы уақытта оқырман саны артқан жағдайда, үйірме жұмысын қайта жандандыру жоспарлануда.



