Сіз білмейтін Семей кітапханасы

Семейдегі «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» қала тұрғындарына мәдени және білім беру қызметтерін ұсынады. Мекеме 1976 жылдан бері жұмыс істейді. Алайда кей тұрғындар оны Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханамен шатастырады. Екі мекеме өз бағыттары бойынша қызмет көрсетеді. Әрқайсысы оқырманға өзіне тән мүмкіндікті ұсынады.
ОКЖ құрамына 10 кітапхана кіреді. Қорында қазақ, орыс және шет тілдерін қамтитын 75 мыңға жуық кітап бар.
Кітапхана әдеби кештер, жастарға арналған дәрістер мен түрлі мәдени шараларды жиі ұйымдастырады.
Шаһардың мәдени өмірінде өзіндік орны бар бұл мекеме Академик Павлов көшесі, 105 мекенжайында орналасқан.
Бұл кітапхана — уақытты пайдалы әрі қызықты өткізуге таптырмас орын. Семейге жолыңыз түссе, міндетті түрде соғып қайтуға кеңес береміз.



