Толстой, Абай, Шәкәрім үндестігі

«Исповедь» көрмесі Семейде
Абайдың «Жидебай–Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Лев Толстойдың өмірі мен шығармашылығына арналған «Исповедь» көрмесі ашылды. Бұл шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ресейдің «Ясная поляна» музей-қорығының бірлескен жобасы ретінде ұйымдастырылған.
Көрменің басты мақсаты — Лев Толстойдың рухани ізденіс жолын, өмір мен ақиқаттың мәнін тануға деген талпынысын көрсету. Экспозицияда жазушының сирек фотосуреттері, қолжазбалары, құжаттары және бейнематериалдары ұсынылған.
Көрме барысында Толстой мен қазақтың ұлы ойшылдары — Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани үндестігі де кеңінен ашылған. Үш тұлғаның шығармаларындағы ортақ идея — адамгершілік, ар тазалығы мен рухани кемелдікке ұмтылу.
Көрменің ашылуына зиялы қауым өкілдері, мәдениет қызметкерлері мен студенттер қатысты.
Көрме әлі де жалғасуда. Рухани ой салатын ерекше экспозицияны көруге асығыңыздар!



