Абайды танығың келсе, жолың Қарауылға түссін

Абай облысына келген әрбір қонақ үшін Қарауыл ауылы – ерекше мағынаға ие мекен. Бұл – ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туған жері. Сондықтан Қарауылға сапар – жай ғана саяхат емес, рухани танымға бастайтын жол.
Ауылға кіреберісте еңселі Абай ескерткіші қарсы алады. Тұғырда ақынның «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген өшпес өсиеті жазылған. Мұнда сондай-ақ абаттандырылған Абай саябағы, серуен аймағы мен тынығу алаңдары бар. Қарауыл бүгінде туристер мен зиярат етушілер үшін тартымды бағытқа айналды.
Қарауылға қалай жетуге болады?
Қарауыл ауылы Семей қаласынан шамамен 180 шақырым қашықтықта орналасқан.
Автокөлікпен Семей – Қайнар – Қарауыл бағыты арқылы жолға шығуға болады. Жол асфальтталған, сапар уақыты орта есеппен 2,5–3 сағат. Сондай-ақ Семей автовокзалынан Қарауылға қатынайтын тұрақты автобустар бар. шамамен 3 сағат қоғамдық көлікпен жетуге болады.
Абай мұрасымен жақын танысып, туған жер тарихын терең сезінуге мүмкіндік береді. Бұл бағыт өңірдің рухани картасындағы маңызды орындардың бірі.



