Басты жаңалық

Қоянбайға да 4G жетті

Бесқарағай ауданына қарасты, шекара маңында орналасқан Қоянбай ауылында 4G интернет іске қосылды. Бұл туралы аймақ басшысы Берік Уәли өз парақшасында бөлісті.

Бұл — өңірдегі елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлы жұмыстардың нәтижесі. Жоба аясында ауылға арнайы байланыс мұнарасы орнатылып, Tele2 операторының заманауи желісі іске қосылған.

Қоянбай тұрғындары бұл мәселені он жылдан астам уақыт бойы көтеріп келген. Енді, міне, ауыл халқы тұрақты әрі жылдам интернетке қол жеткізді.

Айта кетейік, Қоянбайда 400-ге жуық адам тұрады. Жаңа интернет желісі ауыл тұрғындарына онлайн оқу, түрлі қызметтерді қашықтан пайдалану және байланыс мүмкіндігін кеңейтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button