Топ Семей

Семейде балаларға арналған ойын орталықтары жеткіліксіз

Семей қаласында балалармен демалуға арналған орындар әлі аз. Дегенмен, қалада балаларға ыңғайлы және ата-аналар демала алатын бірнеше нүкте бар.

Bala Park – балаларға арналған ойын орталығы. Мұнда балалар ойнап жүргенде, ата-аналар алыстан бақылап отырып-ақ тамақатанып кездесулер өткізе алады.
Бірақ кей-кезде тағамдарының сапасына сын келіп жатады, ал қызмет көрсету деңгейі жоғары бағаланады. Және де 3 жасқа дейінгі балалар үшін ойын алаңдар аз болғанымен, мекеннің рейтингіне ешқашан әсерін тигізген емес.

Rabbit – балаларға арналған тағы бір орталық. Балаларды сол жерге қалдырып, ата-аналар жанында кино көріп немесе кофеханада демала алады. Ол жерде батуттар мен ойын аппараттары ересектерге де арналған, сондықтан отбасыңыздың әр мүшесі уақытын көңілді өткізуге болады.

Smart – ойын сауық орталығы. Мұндп балаларға арналған алаңдар бар, бірақ ересектерге арналған ойын аппараттар көбірек. Негізі уақытты жақсы өткізуге таптырмас жерлердің бірі деп айтуға болады.

Babyland – Апрель сауда үйінде орналасқан ойын орталығы. Бұрын танымал болғанымен, қазіргі келушілер кейбір аттракциондардың істемейтінін, ішінің қараңғы екенін айтады.
Құрылғылары ескіріп, сапасы нашар деген баға беруге болады.

Қазына сауда орталығында 4-қабатта балаларға арналған бірнеше ойын алаңдары бар. Қызықты аттракциондар мен түрлі тәттілер сататын дүңгіршектер орналасқан. Онымен қоса жанында тамақтанатын орын мен кинотеатр бар. Мекен шағын болса да, жақындарыңыз үшін ыңғайлы жер.

Қаламызда, балалармен демалуға арналған орындар әлі де аз екеніне көзіміз жетті. Алда Семей тұрғындары бұдан да көп және заманауи ойын-сауық орталықтарын күтеді, бұл қала үшін өзекті қажеттіліктердің бірі болып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button