Басты жаңалық

Заңсыз кәсіпкер болма, салықтан қашсаң айыппұл жүктеледі

ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, жылдық табысы белгіленген шектен асатын немесе тұрақты жалдамалы қызметкерлері бар тұлғалар кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті. Ал кейбір кірістерге жеке тұлғалар тіркелмей де жұмыс істей алады. Бірақ олар 10% мөлшерлеме бойынша салық төлейді.

Абай облысында 54 мыңға жуық кәсіпкер заңды түрде жұмыс істейді.


Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Алғаш анықталған жағдайда ескерту жасалды. Егер қайталанса айыппұл жүктеледі. Биыл облыста 32 құқық бұзушылық анықталып, 3,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Жыл басынан бері 11 886 жеке кәсіпкер тіркелді. Оның 343-і ақпараттық-түсіндіру жұмыстары нәтижесінде рәсімделген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button