Басты жаңалық

Абай облысында еңбек нарығының жаңа бағыттары талқыланды

Шәкәрім университетінде өңірдің кадрлық сұранысына арналған форсайт-сессия өтті. Жиын Мемлекет басшысының жаңа кәсіптер мен дағдыларды айқындау жөніндегі тапсырмасына және «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында ұйымдастырылды.

Кездесуде облыс экономикасына қажет мамандықтар, еңбек нарығындағы өзгерістер мен кадр даярлаудың жаңа бағыттары сөз болды. Қатысушылар жұмысшы мамандықтарға сұраныстың артып келе жатқанын атап өтіп, білім беру жүйесін заман талабына сай бейімдеу қажеттігін айтты.

Іс-шара қорытындысында Абай облысының кадрлық қажеттілігін көрсететін өңірлік карта әзірленетін болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button