Аягөзде ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтті

Аягөз ауданында Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне орай салтанатты шара өтті. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Айбек Серікболұлы салаға сіңірген еңбегі үшін бірқатар мамандарға Парасат орденін, премьер-министрдің, Ауыл шаруашылығы министрінің, Абай облысы әкімінің, Абай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының, сондай-ақ «Amanat» және «Ауыл» партияларының, «Аягөз ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін және аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстады.
Шара барысында Айбек Серікболұлы сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың еңбегіне жоғары баға берді. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Ауданда 2025 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 25 085,2 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,7% өсу көрсеткен. Аудан бойынша 1 536 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Мал шаруашылығында 128 мың бас ірі қара, 236 мың бас ұсақ мал және 86 мың бас жылқы өсірілуде. Шаруа қожалықтары мен жеке аулаларда 11 491 тонна ет және 21 679 тонна сүт өндірілген.



