Skills.enbek: онлайн оқу мүмкіндіктері кеңейіп келеді

Skills.enbek платформасында бүгінде 800-ден астам түрлі онлайн курс қолжетімді. Оның ішінде 200-ден астамы тегін курс. Платформа арқылы әрбір азамат өз біліктілігін арттырып, жаңа дағдыларды меңгеріп, оқу соңында сертификат алу мүмкіндігіне ие.
Биыл онлайн оқытуға ерекше қызығушылық байқалды. Атап айтқанда, 2 507 жұмыссыз азамат онлайн курстан өтті. Бұл жоспарланған көрсеткіштің 172,89 пайызға орындалғанын көрсетеді. Порталда ең көп сұранысқа ие курстар қатарында сатушы, сақтандыру агенті, автомеханик, қымыз өндіруші, ірімшік өндірісі, аспаз, тігінші және кондитер мамандықтары бар.
Сонымен қатар 838 адам «Бастау-Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өтіп, өз ісін бастауға қажетті білім мен тәжірибе жинақтады.
Мұндай оқыту бағдарламалары еңбек нарығына бейімделуге, жаңа мамандық игеруге және халықтың табысын арттыруға бағытталған тиімді құрал ретінде өз нәтижесін көрсетіп келеді.



