Семей тұрғындары біле бермейтін демалыс орны

Қаланың қарбаласынан шаршадыңыз ба? Табиғат аясында демалып, таза ауамен тыныстағыңыз келе ме? Онда Семей қаласынан бар-жоғы 8 шақырым жерде орналасқан көпшілікке беймәлім ерекше мекенге назар аударыңыз. Бұл — «Конюшня Семей» ат клубы.
Жасыл желекке оранған аумақта атпен серуендеу — жай ғана демалыс емес, бұл жанға тыныштық, бойға сергектік сыйлайды. Әсіресе орман іші әдемі көрінісімен ерекшеленіп, табиғатты жақыннан сезінуге мүмкіндік береді.
Ат клубында қауіпсіздікке ерекше мән берген. Әрбір серуен тәжірибелі инструктордың көмегімен өтеді. Сондықтан атқа алғаш рет мінетіндер де қорықпай үйреніп кетуіне болады.
Клубта көрсетілетін қызмет түрлері жетерлік. Атпен серуеннің 1 сағаттық құны — 6 000 теңге. Сонымен қатар, фотосессия, оқу-жаттығулар және денсаулыққа пайдалы иппотерапия қызметтері де ұсынылады. Барлық қызметке алдын ала жазылу қажет.
«Конюшня Семей» күн сайын сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Мекенжайы: 1-горный заезд, 5/3. Қосымша ақпарат пен жазылу үшін +7 771 179 59 36 нөміріне хабарласуға болады. Клубтың Instagram және TikTok парақшалары да бар — @kordon_konyushnya_semey.
Табиғатпен тілдесіп, ерекше әсер алғыңыз келсе, Семей маңындағы бұл құпия локация сіз үшін таптырмас демалыс орны болмақ.



