Гид

Семейдегі заманауи демалыс орны

Егер Семейге жолыңыз түссе және қаланы тек көрумен шектелмей, сезінгіңіз келсе, бұл локацияны назардан тыс қалдырмаңыз. Қаланың тарихы мен бүгінгі тынысы тоғысқан орындардың бірі — Pana Unique Semey.

Бұл аймақ 1890 жылы салынған бу диірменінің ғимаратында орналасқан. Ғимараттың тарихи келбеті сақталған: қызыл кірпіш, аркалы терезелер, биік мұржа. Бірақ ішкі дизайны мүлде жаңа. Бүгінде бұл — жайлы қонақ үй ғана емес, Семейдің ең әдемі әрі мазмұнды демалыс орындарының бірі.

Аумағында атпен серуендеуге болдады. Қыс мезгілінде мұзайдыны жұмыс істейді. Демек, бұл жерге жылдың кез келген уақытында келуге болады. Алдағы уақытта SPA аймағы мен Sanqyq мейрамханасы ашылады. Бұл демалысты одан әрі толықтыра түседі.

Ерекше форматты іздейтіндерге арналған тағы бір мүмкіндік бар. Мұнда жазушылар мен шығармашылық адамдар үшін 14 күндік арнайы бөлме бар. Екі апта бойы тыныштықта, кітап жазуға немесе ой жинақтауға болады. Бөлме жалпы әдеби тақырыпта безендірілген. Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов мұралары осы кеңістіктің рухын айқындайды. 

Ішінде шағын Тары кофеханасы бар. Қала аралап шаршаған соң кофе ішіп, тынығып алуға немесе жай ғана отырып, ойлануға ыңғайлы орын.

Қысқасы, бұл локация — Семейдің қазіргі бет-бейнесін көрсететін жер. Туристке де, қала тұрғынына да қызық. Егер Семейді шын мәнінде танығыңыз келсе, осы жерден бастаңыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button