Гид
Қала тынысын сезгіңіз келсе…

Семейдің сол жағалауы бүгінде көз тартар көрікті орындарға толы. Соның бірі — Селевин көшесінен бастап Ет комбинаты алаңына дейін созылған Арбат.
Бұл — қала тұрғындарының серуен құрып, спортпен айналысатын және отбасымен демалатын сүйікті мекеніне айналған демалыс аймағы.
Кешкі уақытта шамдар жағылып, Арбат бойы ерекше жарыққа бөленеді. Қала көркіне айрықша рең береді.
Бір сәтке күнделікті күйбең тіршіліктен алыстап, таза ауада сергіп, демалғыңыз келсе — Арбатқа барып қайтыңыз.



