Гид

Атқа міну трендке айналды

Семейде демалысын ерекше өткізгісі келетіндер үшін «OSTROV HORSE» атпен серуендеу орны қолайлы жерледің бірі. Мұнда сіз атқа мініп, табиғат аясында серуендеп, күнделікті қарбаластан бір сәтке алыстай аласыз.


Демалыс орны қалаға жақын орналасқан, сондықтан арнайы ұзақ жоспар құрмай-ақ, демалыс күндері немесе бос уақытта барып қайтуға болады. Атпен серуен шамамен 30 минутқа созылады және жаңадан бастап көретіндерге де ыңғайлы. Сонымен қатар мұнда квадроцикл айдау, атқа мінуді үйрену және естелік фото-видео түсірілім қызметтері ұсынылады.


Бару алдында қарапайым қауіпсіздік ережелерін ескерген жөн. Нұсқаушының айтқанын орындап, атқа рұқсатсыз мінбеу керек. Атты шошытпау үшін айқайламау, жүгірмеу және артынан жақындамау маңызды. Сондай-ақ ыңғайлы, жабық киім киіп, қолды бос ұстаған дұрыс. Барлық серуен белгіленген аумақта өтеді.

Егер сіз табиғатта тынығып, жаңа әсер алғыңыз келсе, Семей маңындағы бұл орынға барып көруге болады. Орналасқан жері: Полковничий аралы, 2 а.

Басқа жаңалықтар

Back to top button