Басты жаңалықГид

Тарихқа сапар Ақшоқыдан басталады

Абай облысының Абай ауданында, қасиетті Ақшоқы төрінде Құнанбай Өскенбайұлына арналған музей барын білдіңіз бе? 

Қазақтың ұлы ойшылы Абайдың әкесі, ел басқаруда, дін мен мәдениетті өрге сүйреген тұлға Құнанбайдың өмірі мен қызметін айғақтайтын құнды жәдігерлер бір шаңырақ астында тоғысты.

Мұнда Құнанбай Өскенбайұлының киім үлгілері, тарихи құжаттар мен фотосуреттер қойылған.

Музейдің басты идеясы – Құнанбай тұлғасын тарихи тұрғыдан қайта бағалау ғана емес, ұлттың рухани коды ретінде таныту. Бұл жерге келген әр адам өз тамырымен, өз тарихымен жүздеседі. Ақшоқының самал желі енді Құнанбайдың даналығын, Абай дәуірінің үнін замандасқа жеткізіп тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button