Басты жаңалық
Абай облысында миллиардтар тексерілді: аудит нені көрсетті?

Абай облысының тексеру комиссиясы Ақсуат ауданындағы бірқатар мекемеде бюджет қаржысының жоспарлануы мен жұмсалуына аудит жүргізді. Жұмыс барысында 19 миллиард теңгеден астам қаражаттың игерілуі тескерілді.
Аудит қорытындысы бойынша шамамен 4,8 миллиард теңге көлемінде түрлі заң бұзушылықтар анықталған.
Тексеру нәтижесінде бюджетке қайтарылуы тиіс қаржы көлемі белгіленіп, оның бір бөлігі өндірілді. Сонымен қатар бірқатар лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылып, кей материалдар әкімшілік шара қолдану үшін тиісті органдарға жолданды.



