Басты жаңалық
Қазақстанда жаңа үйлер саны артты

Елімізде 2025 жылы 20 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, 2026 жылы елде 18,5 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Негізгі құрылыс жұмыстары Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүргізіледі.
Сонымен қатар жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама мен жалға берілетін баспана арқылы мыңдаған отбасы тұрғын үймен қамтылған.
«Наурыз» және «Наурыз-Жұмыскер» бағдарламалары аясында 233 млрд теңгеге 8,6 мың несие берілген.



