Басты жаңалық

Аягөзде полицейлер жүргізушілерге дер кезінде көмек көрсетті

Абай облысының полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысының қалыпты әрі үздіксіз жүруін бақылау мақсатында тәулік бойы қызмет атқарып келеді. Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті сақтаумен қатар, түрлі жағдайларда тұрғындарға жедел көмек көрсетуді де өздерінің басты міндеттерінің бірі санайды.

Жуырда Аягөз қаласында қолайсыз ауа райы салдарынан КамАЗ маркалы жүк көлігі жолдың бір бөлігінде тұрып қалып, көлік қозғалысына қиындық туғызды. Аталған жағдай өзге жүргізушілер үшін қолайсыздық тудырып, жол қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін еді.

Оқиға туралы хабарлама түскен бойда полиция қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына барып, жағдайды бақылауға алды. Қызметтік техниканы пайдалана отырып, тәртіп сақшылары жүк көлігін қауіпсіз жерге шығарып, жол қозғалысының қайта қалпына келуіне ықпал етті.

Нәтижесінде жолдағы қауіп сейіліп, көлік қозғалысы қалыпты арнасына түсті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button