Басты жаңалық

Семейдегі «Казполиграф» ЖШС – қаптама өндірісіндегі жетекші кәсіпорын

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында орналасқан «Казполиграф» ЖШС-нің қызметімен танысты. 1941 жылы құрылған кәсіпорын қағаз және картоннан жасалған қаптама өнімдерін өндіреді.

Қазіргі таңда мұнда 615 адам еңбек етеді, орташа жалақы – 143 мың теңге. Жылдық өндірістік қуаттылығы 30 мың тоннаға дейін жетеді. 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында кәсіпорын 144 млн теңге салық төлеген.

Сондай-ақ халықаралық «Tetra Pak» стандарттарына сай жаңа өндірістік кешен салу жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның құны – 6 млрд теңге, іске қосылғанда 16 жаңа жұмыс орны ашылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button