Басты жаңалық
Әділет Қожанбаев өңір басшысына Семейдің даму көрсеткіштерін баяндады

Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев Абай облысының әкімі Берік Уәлиге қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады. Оның айтуынша, 2025 жылдың 11 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 328 млрд теңгеге жетіп, өсім 113 пайызды құрады.
Әкімнің мәліметінше, қалаға инвестиция тарту негізгі басымдықтардың бірі болып отыр. 2027 жылға дейін жалпы құны 139 млрд теңгені құрайтын 32 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.



