Басты жаңалық

Семей аграрлық өңдеу орталығы ретінде қалыптасуда

Ауыл шаруашылығы – өңір экономикасының негізгі тірегі. Семей қаласы ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей бағытталмағанымен, аграрлық өнімдерді қайта өңдеу саласында айқын артықшылыққа ие.

Бүгінде облыс бойынша қайта өңдеу саласында 35-ке жуық кәсіпорын жұмыс істесе, оның 17-сі Семейде орналасқан. Олар ұн, макарон, шұжық, сүт өнімдері мен майлы дақылдарды қайта өңдеумен айналысады.

2031 жылға дейін ауыл шаруашылығы саласында 85 ірі жобаны іске асыру жоспарланған. Соның ішінде Семей қаласында жалпы құны 23,8 млрд теңге болатын 6 инвестициялық жоба жүзеге асады. Алдағы жылдары күнбағыс майы, сүт өнімдері мен тері өңдеу бағытындағы ірі зауыттар іске қосылады.

Бұл жобалар азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, Семейді аграрлық өңдеу және логистика орталығы ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button