Семейдегі жаңа оқушылар сарайында балалар немен айналыса алады?

Семейде балалардың қызығушылығын бір бағытпен шектемейтін, бірнеше саланы қатар дамытуға мүмкіндік беретін оқушылар сарайы жұмысын бастады. Классикалық үйірмелер өзгеше, баланың қабілетін тәжірибе арқылы дамытуға болады.

Мұнда бала спортқа да, өнерге де, ғылым мен технологияға да бір жерде араласа алады. Қозғалысты ұнататындар үшін бассейн, хореография, шығыс жекпе-жегі, фитнес және үстел теннисі бар. Бұл бағыт баланың денсаулығын нығайтып, күнделікті белсенділігін арттыруға көмектеседі.

Шығармашылыққа бейім балалар вокал және аспаптық музыкамен айналысып, дыбыс жазу студиясында тәжірибе жинай алады. Сонымен қатар мүсін, ART студиялары, актерлік шеберлік пен сәулет өнері сабақтары жүргізіледі. Заманауи тәсіл ретінде виртуалды технологияларды қолданатын оқыту кабинеті де бар.

Ғылымға қызығатын оқушылар үшін авиамодельдеу, жаңартылатын энергия көздері, аквапоника мен гидропоника, нейролаборатория, нейроробототехника, 3D басып шығару, бағдарламалау, видеография және кино бағыттары ұсынылған. Ал астрономиялық обсерватория балаларға ғарыш әлемін тануға мүмкіндік береді.
Гуманитарлық бағытта медиа-орталық пен бірнеше тілде білім беретін лингвистика кабинеттері жұмыс істейді. Балалардың психологиялық дамуы да назардан тыс қалмаған. Ол үшін сенсорлық бөлме мен сөйлеу тілін дамыту кабинеті ашылған. Интерактивті кітапхана, коворкинг аймағы және өлкетану клубы танымдық қызығушылықты арттыруға арналған.

Бұл оқушылар сарайы – баланың бос уақытын өткізу орны емес, өз жолын табуға көмектесетін орта. Осындай жаңа форматтағы орын балаларға беріліп отырған мүмкіндіктің артқанын көрсетеді.



