Басты жаңалық
Аймақ басшысы №4 арнайы мектеп-интернатына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли арнайы мектеп-интернаттары мен балаларды қолдау орталығын аралады.
Жұмыс сапары Семей қаласындағы №4 арнайы мектеп-интернатынан басталды. 1979 жылы құрылған білім беру ұйымында бүгінде есту қабілеті төмен 80 оқушы білім алуда. Аймақ басшысы оқу-тәрбие барысымен танысып, балаларға жасалған жағдайды көрді.
Сонымен қатар мекеме тәрбиеленушілеріне ноутбук пен жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.



