Абай өнімі

«Адал Ас» компаниясында жаңа зертхана ашылды

Семей қаласында ұлттық өнімдерді өндіретін «Адал Ас» компаниясында жаңа зертхана іске қосылды.

Зертхананың басты мақсаты – өнім сапасын арттыру, тағам қауіпсіздігі талаптарын күшейту және ұлттық тағам өндірісін ғылыми негізде дамыту. Жаңа нысан заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін халықаралық стандарттарға сай тексеруге мүмкіндік береді.


Қазіргі таңда компания өнімдеріне сұраныс жоғары. Әсіресе бауырсақ пен «As Tal» пайдалы коктейлдері тұтынушылар арасында кеңінен танымал. Аталған коктейль 18 елге экспортталып отыр.

Жаңа зертхананың ашылуы отандық өнімнің сапасын арттырып, экспорттық әлеуетті кеңейтуге жол ашады.
Қазіргі таңда компания сапалы әрі пайдалы өнім өндіруге баса назар аударуда. Әрбір шығарылған тағамға ерекше жауапкершілікпен қарайды. Серіктестерінің де «Адал Ас» компаниясымен жұмыс істеуіне басты себеп – өнім сапасына деген сенім.

Компания тағам өндірісі бағытында түрлі ғылыми институттармен тығыз байланыс орнатқан. Жаңа зертхананың қалыптасуына Shakarim University айрықша үлес қосты. Бұл серіктестік өнім сапасын ғылыми тұрғыда жетілдіруге және ұлттық тағам өндірісін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button