Абай өнімі

Ауылдағы пеш – берекелі кәсіпке айналды

Ақсуат ауданы Ойшілік ауылының тұрғыны Қажетбекова Азегүл Төлеубайқызы мемлекеттік қайтарымсыз грант иегері. 2024 жылдың тамыз айында шағын наубайхана ашып, жеке кәсібін бастаған.

Бүгінде наубайхана ауыл тұрғындарын күнделікті жаңа піскен нан және басқа да өнімдермен қамтамасыз етуде.

Азегүл Төлеубайқызы алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, өнім түрлерін көбейту арқылы кәсібін одан әрі кеңейтпек. Қазіргі таңда наубайханада бір адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жоба ауылдық жерде шағын кәсіпті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған тиімді бастамалардың бірі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button