Басты жаңалық
Қарабас ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

Бесқарағай ауданына қарасты Қарабас ауылында 143-ші ерікті өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Нысан «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында іске қосылды.
Жаңа бекет Қарабас ауылымен қатар Дөңгелек, Өндіріс және Семеновский елді мекендеріне қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету аумағында 2243 тұрғын мен 642 тұрғын үй бар.
Өрт сөндіру бекеті барлық қажетті құрал-жабдықтармен және заманауи өрт сөндіру техникасымен толық қамтамасыз етілген. Бұл ауылдық елді мекендерде өрт қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.



