Мерей Қарт шығармашылық кешін өткізді

Семей қаласындағы Абай атындағы театрда жас ақын Мерей Қарттың «Аспанға құлау» атты шығармашылық кеші өтті. Шара Абай облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өтті.
Кеште ақынның жаңа кітабының тұсаукесері жасалып, оның өлеңдеріне негізделген музыкалық және сахналық композициялар ұсынылды. Көрермен қауым Мерей Қарт поэзиясын жаңа қырынан тамашалады.
Жыр кешіне қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері арнайы қатысып, Мерей Қарттың шығармашылық еңбегіне жылы лебіздерін білдірді. Қонақтар қатарында Ақберен Елгезек, Ұлықбек Есдәулет, Светқали Нұржан, Гүлнар Салықбай, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы болды. Олар жас ақынның ізденісі мен әдеби ортадағы орны туралы пікірлерімен бөлісті.
Кеш соңында көрермендер ақын жырынан рухани қуат алып, жылы әсермен тарқасты. Семей қаласында өткен бұл мәдени шара өңірдің әдеби өміріне жаңа серпін берді.


