Заң
Мас күйде рөлге отырған жүргізуші ұсталды

Бородулиха ауданында түнгі уақытта 44 жастағы тұрғын ВАЗ-2115 автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды.
Медициналық тексеру оның жеңіл масаң күйде болғанын растады.
Жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамалды. Ал көлік арнайы айыптұраққа қойылды.
Абай облысы Полиция департаменті мас күйде рөлге отырудың қауіпті екенін еске салып, жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырады.



