Басты жаңалық

WhatsApp қолданушыларына ескерту

Қазақстандық WhatsApp қолданушыларына жаңа киберқауіп туралы ескерту жасалды. Қазіргі уақытта кибералаяқтар «GhostPairing» деп аталатын жаңа алаяқтық схеманы пайдаланып жатыр.

Алаяқтар WhatsApp немесе Facebook атынан жалған хабарлама жолдап, пайдаланушыларды фейк-парақшаға өтуге шақырады. Сол бетте телефон нөмірі мен растау кодын енгізу сұралады. Аталған деректер енгізілген сәттен бастап, қаскүнемдер аккаунтты өз құрылғысына қосып алып, басқаруға мүмкіндік алады.

Нәтижесінде алаяқтар хат-хабарламаларды оқып, файлдар мен фотосуреттерді көре алады, сондай-ақ пайдаланушының атынан өзге адамдарға хабарлама жіберуі мүмкін. Телефон қалыпты жұмыс істей бергендіктен, аккаунттың бұзылғаны бірден байқалмайды.

Осыған байланысты мамандар қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады. WhatsApp-тағы «Байланыстырылған құрылғылар» бөлімін үнемі тексеріп, белгісіз құрылғылар анықталған жағдайда оларды дереу өшіру қажет. Сонымен қатар, растау кодтарын бөгде сайттарда енгізбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және екі факторлы аутентификацияны қосу ұсынылады.

Мамандар азаматтарды сақ болуға және жеке деректердің қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырады. Киберқауіпсіздік талаптарын сақтау жеке ақпаратты қорғаудың негізгі кепілі болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button