Басты жаңалық

Мемлекет басшысы Сергей Пономаревті қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы, Мәжіліс депутаты Сергей Пономаревті қабылдады.

Кездесу барысында Қауымдастықтың жалпыұлттық бірегейлікті нығайту, ел бірлігін сақтау және жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу бағытында атқарған жұмыстары таныстырылды. Сондай-ақ мемлекеттік тілді этносаралық ұйыстырушы фактор ретінде насихаттауда славян ұйымдарының белсенділігі атап өтілді.

Сергей Пономарев Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасын іске асыру аясындағы биылғы жоспарымен бөлісті.

Президент этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылық – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі екенін айтты. Оның пікірінше, әділдік пен тең мүмкіндік – Әділетті Қазақстанның басты қағидаты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оған қарасты ұйымдардың ортақ құндылықтарды қазақстандық патриотизм негізінде дәріптеуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button