Хабарландыру
Абай облысында «Тегін такси» жобасы қайта іске қосылды

Абай облысында «Тегін такси» әлеуметтік жобасы қайта басталды. Жоба дәстүрлі түрде Абай облыстық зекет және қайырымдылық қоры ұйымдастыратын «Жылу сыйла» қайырымдылық акциясы аясында жүзеге асырылады.
Аталған бастама әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған.
Ұйымдастырушылар акцияға атсалысуға ниетті жандарды игі іске үлес қосуға шақырады.


