Әлеумет
Әлеуметтік маңызы бар өнімдер саны 31-ге жетті

Қазақстанда 4 қаңтардан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі кеңейтілді. Бұрын 19 өнім болса, қазір олардың саны 31-ге жетті.
Жаңа тізімге қияр, қызанақ, алма, шай, қаймақ, балық, сиыр және жылқы еті, тауық еті, қатты ірімшік сияқты күнделікті тұтынатын өнімдер қосылды.
Жаңадан енгізілген тауарлардың бағасы 0,1–0,5 пайызға төмендеді. Мысалы, алма 0,5 пайызға, қияр мен қызанақ 0,4 пайызға арзандаған. Шай мен ірімшік те сәл төмендеді.
Бағаны бақылау үшін дүкендерде тұрақты тексеріс жүргізілуде.
Заң бойынша бұл өнімдерге қойылатын сауда үстемесі 15 пайыздан аспауы керек.


