Әлеумет

Ақша бар жерде — мүмкіндік бар

Үй алғысы келетіндерге жаңа талап: аз ақша салсаң – көп пайыз төлейсің. Қазақстанда ипотека шарттары өзгеруі мүмкін.

Мәжілісте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова ипотекалық несиелер бойынша жаңа тәсіл қаралып жатқанын айтты. Қазіргі таңда агенттік Ұлттық банкпен бірге жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейін қайта қарастыруда.

Ұсынысқа сәйкес, бастапқы жарна 30% және одан жоғары болған жағдайда ипотеканың жылдық мөлшерлемесі шамамен 20% деңгейінде белгіленуі мүмкін. Ал алғашқы жарнасы 30%-дан төмен азаматтар үшін пайыз бұдан да жоғары болуы ықтимал.

Бұл тәсіл банктердің тәуекелін азайтып, қаржы жүйесін тұрақтандыруға бағытталған. Яғни, көбірек қаражат салғандар үшін шарт жеңілірек болмақ.

Алайда бұл өзгерістер әлі бекітілген жоқ. Сарапшылардың пікірінше, елдегі ақша-несие жағдайы толық тұрақталмайынша, мұндай бастамаларды енгізуге асықпау қажет.

Қазір ұсыныс талқылау кезеңінде. Егер қабылданса, ипотека алу талаптары айтарлықтай қатаңдауы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button