Әлеумет

Өз ісін тапқан кәсіпкер ана

Мақаншы ауданы, Бекет ауылының тұрғыны Бақытгүл Карабалина 400 АЕК қайтарымсыз грант иегері. Көпбалалы ана мемлекет қолдауының арқасында өз кәсібін ашып, бүгінде оны табысты дамытып келеді.

Кәсіп бастау үшін ол аудандық мансап орталығына жүгініп, кеңес алған. Кейін жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант байқауына қатысып, жеңімпаз атанды. Бүгінде жартылай дайын өнім шығарып, кәсібін дөңгелетіп келеді.

Кәсіпкер ананың өнімдері аудан дүкендеріне күн сайын жеткізіледі. Сонымен қатар жаңа босанған аналарға арналған арнайы себет те дайындайды. Бұл бастама тұрғындар тарапынан оң бағасын алуда.

Бақытгүл Карабалина мемлекет ұсынған қайтарымсыз гранттар өз ісін ашқысы келетін жастар мен ауыл тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.

Back to top button