Әлеумет

Бесқарағайда 265 адам әлеуметтік қызмет алады

Бесқарағайдың арнайы қызмет көрсету орталығы психоневрологиялық және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жалғызбасты қарттарға әлеуметтік қолдау көрсетеді. Орталықта жартылай стационар және үйде қызмет көрсету бөлімдері жұмыс істейді.

Мекемеде 82 қызметкер еңбек етеді. Қызмет алушылар саны 265 адам. Оның ішінде жартылай стационар бөлімінде 15 бала, үй жағдайында 9 бала, 47 ересек мүгедектігі бар азамат және 188 жалғызбасты қарт әлеуметтік қызмет алады.

Орталықтың негізгі мақсаты – ерекше күтімді қажет ететін жандардың өмір сапасын арттыру.

Басқа жаңалықтар

Back to top button