Әлеумет

Абай облысында әлеуметтік көмек алу тәртібі

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша елімізде 25,8 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл қолдаумен 138,1 мың азамат қамтылған. Төленген қаражат көлемі 2,3 млрд теңгені құрады. Ал 2026 жылы АӘК төлеуге бюджеттен 62,7 млрд теңге бөлінген.

Атаулы әлеуметтік көмектің басты мақсаты – табысы төмен отбасыларға қаржылай қолдау көрсету және еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамту шараларына тарту арқылы олардың тұрмыс жағдайын жақсарту.

Бағдарлама аясында табысы кедейлік шегінен аспайтын отбасыларға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындалады. Сонымен қатар, табысы төмен отбасылардағы 1 мен 6 жас аралығындағы әр балаға ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қосымша төлем беріледі. Ел бойынша мектеп жасына дейінгі 42,4 мың балаға 270,4 млн теңге көлемінде қосымша көмек төленген.

Сондай-ақ, бағдарлама арқылы азаматтарға жұмысқа орналасу, кәсіп бастауға грант алу, біліктілікті арттыру курстарынан өту сияқты мүмкіндіктер ұсынылады.

Абай облысының тұрғындары атаулы әлеуметтік көмекке өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы арқылы, ауылдық округ әкімдігіне жүгіну немесе eGov.kz порталы арқылы онлайн түрде бере алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button