Спорт

Чемпион мәртебесі В сынамаға байланысты

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы допингке қатысты тексеріс ортасында қалды. Кубалық Эрисланди Ларамен жекпе-жек қарсаңында боксшының қанынан тыйым салынған мельдоний препараты анықталған.

А сынамасының оң нәтижесінен кейін спортшының командасы В сынамасын қайта талдау рәсімін бастады. Қазіргі таңда тараптар қосымша тексерістің қорытындысын күтіп отыр. Бұл нәтиже чемпионның алдағы мансабына тікелей әсер етпек.

Сарапшылардың айтуынша, егер В сынамасы да оң нәтиже берсе, Әлімханұлы уақытша жарыстардан шеттетіліп, чемпиондық белбеулерінен айырылуы мүмкін. Ал теріс нәтиже шыққан жағдайда спортшы айыптаудан толық ақталады.

Қорытынды шешім жақын күндері жарияланады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button