Заң

Иесіз жануарларды тамақтандыру үшін айыппұл салына ма?

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде аула мен саябақтарда құстарды, қаңғыбас иттер мен мысықтарды тамақтандырғаны үшін айыппұл салынады деген ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды.

Ведомствоның хабарлауынша, иесіз жануарларды тамақтандырған азаматтарға ешқандай жауапкершілік қарастырылмаған.

Алайда қоғамдық орындарда тазалықты сақтамаған, тамақ қалдықтарын жинамай аумақты ластаған немесе рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастаған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Нақтырақ айтқанда, мұндай құқықбұзушылық үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылады. Қайталанған жағдайда жаза мөлшері екі есе артады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button