Бюджет кірісі өсім берді: өңір республика бойынша екінші орында

Аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Жиында өңірдің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды. Бұл туралы Абай облысының баспасөз қызметі хабарлады.
Облыс әкімінің Бірінші орынбасары Ербол Садырдың айтуынша, жыл басынан бері жалпы өңірлік өнім 1 трлн 357,5 млрд теңгеге жетіп, өсім 104,4 пайызды құрады. 15 инвестициялық жоба іске қосылып, 391 жаңа жұмыс орны ашылды. Меншікті кірістердің өсу қарқыны бойынша облыс республикада екінші орынға шықты.

Қала және аудан әкімдерінің жұмысы рейтингпен бағаланды. Үздік үштікке Курчатов қаласы, Абай және Жаңасемей аудандары кірді. Бірқатар ауданда көрсеткіш төмен.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі нақты міндеттер жүктеді.
– Бұл нәтижемен тоқтап қалмай, өңір экономикасын одан әрі дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыруымыз керек. Көрсеткіші төмен аудандар бойынша тиісті шешім қабылдаймын, – деді Берік Уәли.



