Абай облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

23–25 қаңтар аралығында Абай облысында жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» атты жедел-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері облыс аумағындағы автожолдар мен елді мекендерде рейдтік тексерулер жүргізіп, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қадағалады.

Акция нәтижесінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 443 дерегі тіркелді. Ең жиі анықталған құқықбұзушылықтар қатарында:
— маневр жасау ережесін бұзу – 124 факт;
— жолаушылар мен жүктерді тасымалдау тәртібін және қауіпсіздік белдігін пайдаланбау – 215 факт;
— жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзуы – 125 факт;
— жарық уақытта сыртқы жарық құралдарын пайдаланбау – 220 факт.
Полиция өкілдерінің мәліметінше, мұндай профилактикалық шаралар жол қатысушыларының тәртібін жақсартып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді.
Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін сақтап, бір-біріне құрмет пен жауапкершілік таныту қажеттігін еске салды.
Жолдағы әр әрекет өз өміріңізге де, өзгелердің өміріне де әсер ететінін ұмытпаған жөн. Жол қауіпсіздігі — әрқайсымыздың қолымызда.



