Басты жаңалық
Қосылған құн салығы қалай жұмыс істейді?

Жаңа Салық кодексіне сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қосылған құн салығы мөлшерлемесі 16%-ға өседі. Ол тауар сатуға және импортқа қолданылады.
Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге жеңілдік қарастырылған. Отандық газет-журнал өнімдеріне тауар немесе қызмет бағасына қосылатын мемлекеттік салық 10% болады. Тегін медициналық қызметтер қосылған құн салығынан босатылады.
Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегі 20 мың АЕК-тен 10 мың АЕК-ке төмендеді. Бұл салықтан жалтарудың алдын алуға бағытталған.
Ауыл шаруашылығы өндірушілері ҚҚС-тың 80%-ын есепке жатқыза алады (бұрын 70%).
Жалпы өзгерістер салық жүйесін ашық, әділ әрі тиімді етуге бағытталған.


