Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Абай облысы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды.
Жарма ауданының әкімі ауданның 2025 жылғы даму қорытындыларын айтты. 2026–2027 жылдарға арналған жоспарды таныстырды. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және әлеуметтік саладағы негізгі көрсеткіштерге тоқталды.

Кеңес мүшелері аудандағы ауызсу мәселесін, егін шаруашылығын дамыту және су қоймаларының жағдайын көтерді. Туризмді дамыту бағытындағы ұсыныстар да айтылды.

Спорт басқармасының басшысы облыста олимпиадалық спорт түрлерін дамыту және бұқаралық спортты кеңінен насихаттау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Негізгі басымдық спорт нысандарын салумен қатар, олардың тұрғындар үшін тұрақты әрі қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған.



