Басты жаңалық

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Өңірде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мониторинг пен тәуекелдерді талдау жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік қызметшілердің заң талаптарын сақтауына ерекше назар аударылды.

2025 жылы жүргізілген бақылау барысында бірқатар кемшілік анықталды. Атап айтқанда, мүдделер қақтығысына қатысты жағдайлар тіркеліп, үш мемлекеттік қызметшінің құмар ойындарға қатысқаны белгілі болды. Бес қызметші сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді жазбаша түрде қабылдамаған.

Аталған жағдайларды болдырмау үшін тиісті шаралар жоспары әзірленіп, оның орындалуы бақылауға алынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button